Өскеменде 6 кг болатын бауырсақ пісірілді

0
1 448

Өскемен қаласында Наурыз мейрамына орай 6 кг болатын бауырсақ пісірілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өскеменде 6 кг болатын бауырсақ пісірілді

фото: www.inform.kz

Өскемен қаласында Наурыз мейрамына орай 6 кг болатын бауырсақ пісірілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Казинформ-ға сілтеме жасап.

Ұлыстың Ұлы күнін тойлау кезінде ұйымдастырылған сайыста Наталья Дятлова өзінің аспаздық шеберлігін салып пісірген 6 кг-дық бауырсағымен жеңімпаз атанды.

  • Мен бұл сайыс туралы инстаграм парақшасынан білдім, - дейді конкурс жеңімпазы. – Бірден қатысуға шешім қабылдадым. Маған құрбым көмектесті. Алты сағат бойы дайындап, бауырсақ пісірдік. Оның салмағы 6 кг-ға жуық болды. Бірақ дайындау құпиясын айтпаймын! Жеңімпаз болғаныма қуаныштымын. Бізге теледидар тарту етті, - деп қуанышты кейіпте әңгімелеп берді ол.

Өскемен қаласында Наурыз мейрамы қарсаңында өткен іс-шарада мұнан да бөлек түрлі сайыстар ұйымдастырылған. Одан бөлек мерекеде Наурыз көже дайындаудан да сайыс өтті.

Сондай-ақ, концерттік бағдарламамен қала аспаны әуенге бөленді.