Оралдағы Парк отель кешенінің саунасы отқа оранды

0
453

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 қыркүйек күні «Самал-3» шағын ауданында болды.


Оралдағы Парк отель кешенінің саунасы отқа оранды

ERNUR.KZ. Орал қаласындағы «Парк отель» кешенінің саунасы отқа оранды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 қыркүйек күні «Самал-3» шағын ауданында болды.

«Сағат 11.27-де «Парк отель» аумағында өрт шыққаны жөнінде хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер бөлек тұрған сауна ғимаратының ішінде аумағы 100 шаршы метр ішкі қаптаулар мен жиһаздың жанып жатқанын анықтады. «Тілсіз жау» сағат 12.10-да оқшауланып, 12.42-де толықтай ауыздықталды. Оған барлығы 38 адам, 11 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тоғыз қабатты үй өртеніп, 2 адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.