Оралда зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасы сотталды

0
464

Қылмыскер марқұмды өлтіріп, алтын бұйымдарды: сырғаларды, неке жүзігін алып кеткен.


Оралда зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасы сотталды

ERNUR.KZ. Оралда 9 наурызда Зашаған кентіндегі жеке үйлердің бірінде 72 жастағы зейнеткерді өлтірген әйел сотталды, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыскер марқұмды өлтіріп, алтын бұйымдарды: сырғаларды, неке жүзігін алып кеткен.
Сәуір айында полиция 35 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оның үйінен қанға малынғанкиімдер, пышақ және басқа да айғақ заттар табылды.
2022 жылдың тамыз айында күдікті тергеу изоляторында төртінші баласын дүниеге әкелген. Әйелге қатыстыбұлтартпау шарасы өзгертіліп, үйқамаққа алынды.
35 жастағы Аида Жалғасова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы және 192-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды,жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді. Жалғасова сот залында қамауға алынды.
Сонымен қатар сотталушы қаза болған зейнеткердің туыстарына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге тиіс.
Аида Жалғасованың өзі де, оның қорғаушылары да сот шешімімен келіспеді.
"Не үшін соттадыңыз? Үйде мені төрт кішкентай балам күтіп отыр. Ол адамды өмірімде көрген де емеспін", - деді сотталушы.
Әйелдің адвокаты Арман Әбдірашит апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
"Соттың бұл шешімімен мүлдемкеліспейміз. Бұл қылмыстық іс қолданыстағы заңды тұтасымен бұзғандықтан, оған шағымданамыз. Сот секілді прокуратура да бұл заңбұзушылықтарға мүлдем назар аудармады", - деді ол.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ, оған шағым жасауға болады.