Оралда полиция қызметкері жол қозғалысын газетпен реттеді

0
347

Оралда жарық сөніп, қаланың кей бөлігінде бағдаршам істен шыққан.


Оралда полиция қызметкері жол қозғалысын газетпен реттеді

ERNUR.KZ. Желіде қолына газет алып, жол қиылысында тұрып қалған көліктерге бағыт-бағдар көрсеткен ер адамның видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мәліметінше, Оралда жарық сөніп, қаланың кей бөлігінде бағдаршам істен шыққан. Сағат 16:15 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі болып, автокөліктердің қозғалысы қиындаған.

Осы уақытта кептеліске тап болған полиция қызметкері Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына іліккен газетті арнайы таяқша орнына қолданып, бағыт-бағдар жасаған. Ол еңбек демалысында болған.

Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.