Оралда бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі балаға ота жасалды

0
480

Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кетті.


Оралда бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі балаға ота жасалды

ERNUR.KZ. Оралда бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі балаға ота жасалды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатқан ағайынды екі баланың жағдайы ауыр.

«Баланың үлкені 6 жаста болса, кішісі 3-те ғана. Біреуінің сол жақ өкпесі, екіншісінің оң жақ бүйрегі жарылған. Кішісі әлі жансақтау бөлімінде», дейді А.Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кеткенін жазған болатынбыз.