Оқу-ағарту министрінің бірінші вице-министрі тағайындалды

0
776

2021 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.


Оқу-ағарту министрінің бірінші вице-министрі тағайындалды

ERNUR.KZ. Үкімет қаулысымен Наталья Васильевна Жұмаділдаева оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады baq.kz.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Наталья Васильевна Жұмаділдаева оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Наталья Васильевна 1965 жылы туған.

Білім беру саласында 30 жылдық тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2004 жылдан 2013 жылға дейін - Қызылорда қаласындағы №112 және Ж.Қизатов атындағы №23 ОМ директоры болды.

2013-2015 жылдары-Қызылорда қаласы Білім бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін - Қызылорда қаласы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры болды.

2016 жылдан 2021 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты.

2021 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.