Нью-Йоркте коронавирустың күрт өсуіне байланысты мектептер жабылды

0
674

300 мыңға жуық бала сабақтарын онлайн режимде оқиды.


Нью-Йоркте коронавирустың күрт өсуіне байланысты мектептер жабылды

ERNUR.KZ. Нью-Йоркте коронавирустық инфекцияның күрт өсуіне байланысты мектептер жабылды. Шамамен 300 мың бала сабақтарын онлайн режимде оқиды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қала билігі бұл уақытша шара екенін және эпидемиологиялық ахуал жақсарған кезде оқу орындары ашылатынын айтты.

Ал Италияда бір күнде коронавирус инфекциясынан 753 адам қайтыс болды. Соңғы рет мұндай көрсеткіш сәуір айында орын алған болатын.

Польшада бір тәулік ішінде 603 адам қайтыс болған. Бұл - пандемия басталғаннан бері елдегі ең жоғары көрсеткіш.

Франция билігі дүкен иелерінің Рождество мерекесінің алдындағы үлкен жеңілдіктер жарияланатын «қара жұма» күніне орай сауда орындарының ашылуына рұқсат берілуі туралы өтініштеріне қарамастан, елде 30 қазанда енгізілген шектеу шараларының жеңілдетілуі жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.