Нұртас Адамбайдың ұлы менталды арифметикадан Еуразия чемпионы атанды

0
1 124

Ыстық ықыласын білдіргендер «Мықты әкенің баласы да мықты», «Сіз керемет әкесіз!» деп жеңімпаздың әкесінің еңбегі зор, үлгілі азамат екендігін де айтуда.


Нұртас Адамбайдың ұлы менталды арифметикадан Еуразия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Нұртас Адамбайдың ұлы менталды арифметикадан Еуразия чемпионы атанды. Бұл туралы актер өзіңінің Instagram-парақшасында хабарлап, баласын жеңісімен құттықтады, деп жазады SN.kz.

«Мың қатысушының арасынан бірінші орын! Құттықтаймын, балам! Былтыр Әлішер Алматыда өткен қалалық олимпиадада бірінші орын алған еді, енді Еуразия чемпионы болды!» деп сүйіншілеген жаңалығына қалың оқырман құттықтауларын жаудырып жатты.

Ыстық ықыласын білдіргендер «Мықты әкенің баласы да мықты», «Сіз керемет әкесіз!» деп жеңімпаздың әкесінің еңбегі зор, үлгілі азамат екендігін де айтуда.

Арада аз уақыт өтпестен Нұртас Алдамбай жеңіс биігінен көрінген ұлына күшік алып бергенін айтып, жаңа суретін жариялады.