Нұрлан имам Джо Байденнен шақырту алды

0
502

Нұрлан имам АҚШ-қа не себепті баратынын түсіндіріп өтті.


Нұрлан имам Джо Байденнен шақырту алды

ERNUR.KZ. Нұрлан имам АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды, деп жазады baq.kz.

Бұл жаңалықты тележүргізуші, коуч, медиатренер Дана Нұржігіт мәлімдеді.

Нұрлан имам АҚШ-қа не себепті баратынын түсіндіріп өтті.

"Әрбір жылы Америка құрама штаттарының президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал адамдарға және мемлекет басшыларына жылда ас беріп, дәм береді", - дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Оның айтуынша, бұл - қайырымдылық ас.

Сондықтан біздің елден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз жасап жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар, біздің руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүреміз, - дейді имам.