Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды

0
398

Саябақта Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай ашылған.


Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды

ERNUR.KZ. Елордада «Құтқарушылар саябағы» ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қызметте жүріп қайтыс болған өрт сөндірушілер мен құтқарушылар рухын қастерлеуге арналды. Саябақта 150 түп ағаш егіліп, балалар мен ересектердің демалуына барлық жағдай жасалған. Тіпті жастардың экстремалды спортпен айналысуына арналған паркур алаңы бар. Ал 1964 жылғы өрт сөндіру көлігі тақырыптық саябақтың көркін аша түсті. Іс-шара Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күніне арналған.