Нұр-Сұлтанда балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды (видео)

0
402

​Төбелес салдарынан он бір жасар бала жарақат алғандықтан, оның анасы полицияға шара қолдану туралы өтініш жазған.


Нұр-Сұлтанда балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеген астаналық ер адамды полиция ұстады, деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде балалар алаңында ер адамның балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеп жатқан видеосы тараған болатын.

Кадрда екі бала бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ер адам оларды бір-бірімен жекпе-жекке шығуға шақырады. Тіпті, олардың бірі екіншісіне жақындап, қол сермеп жатқаны анық көрінеді.




Пікір жазушылардың бірі балаларды бір-біріне өшіктіру дұрыс емес десе, енді бірі ер адамның бұл әрекеті балалардың өжет болып өсуіне көмектеседі деп санайтынын білдірген.

Осы жағдайға байланысты елорданың полиция департаменті арнайы түсініктеме берді.

"Аталған факт бойынша 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға Бабатайұлы көшесіндегі ойын алаңында болған. Ер адам өзінің 8 жасар ұлын 11 жастағы баламен төбелесуге көндіруге тырысқан", – делінген хабарламада.

Төбелес салдарынан 11 жасар бала жарақат алған және оның анасы полицияға шара қолдану туралы өтініш жазған.

"Соның негізінде, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді", – дейді елордалық полицейлер.