Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамы жарияланды

0
635

Nur Otan партиясының съезінде партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралғаны хабарланды.


Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамы жарияланды

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамына кімдер кіргені белгілі болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Nur Otan партиясының съезінде партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралғаны хабарланды. Оған партия мүшелерінің санына сәйкес барлық облыс өкілдері кірген.

"Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55 пайызға жаңарды. Әйелдер өкілдігі 33,7 пайызға өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есе өсіп, 13 пайызға жетті. Орташа жас 4 жылға қысқарды, яғни 47 жасқа дейін. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бір есеге қысқарды.
Саяси кеңес құрамында азаматтық сектордың өкілдігі айтарлықтай артты. Білім беру саласының өкілдері екі есе өсті (10 пайыз). ҮЕҰ мен БАҚ үлесі екі еседен астам өсіп, 15,2 пайызға жетті", - делінген хабарламада.