Назарбаев университетінің басшылығы ауысты

0
415


Назарбаев университетінің басшылығы ауысты

ERNUR.KZ. 4 желтоқсанда Назарбаев Университетінің (NU) Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) шешімімен NU-дың Атқарушы Вице-президенті болып Сәрінжіпов Аслан тағайындалды, деп жазады stan.kz.

Ол бұған дейін Қазақстанның Білім және ғылым министрі лауазымында жұмыс істеген және әлемдік деңгейдегі университет болып табылатын NU-дың құруының басы-қасында болған.

Сонымен қатар, ҚК шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалды:

Біләлов Дархан, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын "Абай атындағы ҚазҰПУ" КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық ғылым академиясының" вице-президенті қызметтерін атқарған.

Шоланов Ерлан, МВА магистрі. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры, Kozybayev University Басқарма төрағасы – Ректоры, "Нархоз университеті" КЕАҚ провосты лауазымдарын атқарған.

Уәлиева Әсел, DBA докторы. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

NU академиялық еркіндік, меритократия, транспаренттілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстануды жалғастырады.

NU-дың жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу, әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығымен сапалы интеграция және білім беру жүйесін дамыту мен ғылыми әлеуетті арттыруда қазақстандық университеттермен тығыз синергия мәселелері болып қала береді.