Мусин YouTube Premium жайында: "Келесі жылы міндетті түрде қосамыз"

0
259

Келесі жылы "міндетті түрде" хостингтің премиум нұсқасы іске қосылады.


Мусин YouTube Premium жайында:

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусин YouTube Premium видеохостинг платформасы жайын сөз етті, деп жазады Zakon.kz.


Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Цифрлық даму министрлігінің басшысы YouTube Premium Қазақстанда қашан іске қосылатынын айтты.

"Бұл қандай да геосаяси мәселелерге байланысты болып отырған жоқ. Бұл жағдай Қазақстанда ғана емес, көптеген елде болып отырған жағдай. Біз YouTube-ке ықпал ете алмаймыз, бірақ барып, келістік".Бағдат Мусин


Министрдің айтуынша, бұрын жоспарланғандай, платформаны іске қосуды жыл соңына дейін аяқтау мүмкін болмайды. Келесі жылы "міндетті түрде" хостингтің премиум нұсқасы іске қосылады.