Монополияға қарсы агенттік Қазақстандағы қант бағасының қымбаттауын түсіндірді

0
2 570

Агенттіктің хабарлауынша, Ресейдегі қант бағасы Қазақстанның ішкі нарығына әсер етті.


Монополияға қарсы агенттік Қазақстандағы қант бағасының қымбаттауын түсіндірді

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері (екі ай ішінде) қант бағасының өсуі 3,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 3,5%-ға төмендеуі байқалды). Қант бағасы Шымкент қаласында - 14,7%, Қарағанды - 11,1%, Ақтау - 10%, Талдықорғанда - 5,1%, Тараз - 4,6%, Орал мен Павлодар - 4%, Жезқазғанда - 3,6%-ға қымбаттады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қант бағасының күрт өсуіне бірнеше фактор әсер еткенін хабарлады. Бірінші кезекте, Қазақстанда ішкі нарықтың 60%-ын қамтамасыз ететін ресейлік және беларусьтық өндірушілердің өнімін жеткізушілердің бағасы өскен.

Екіншіден, Ақсу және Меркі қант зауыттары (Алматы және Жамбыл обл.) маусымның аяқталуына байланысты өндірісін уақытша тоқтатқан.