Мобильдік топқа қарсы шыққандар қамалды

0
337

Қарағандыда үйлерінде той жасап карантин режимін бұзғандар жазаланды. Олар мобильдік топ өкілін аула қақпасынан күштеп шығарып, сыртқа лақтырып жіберген. ​


Мобильдік топқа қарсы шыққандар қамалды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласындағы Күнгей ықшам ауданындағы зәулім үйіне жүзден астам адам жинап , той жасағандарға қатысты жаза қарастырылды, деп жазады inbusiness.kz.

Еске сала кетсек , өз үйінде той жасаған тұрғын қасындағы туыстары мен бірге ескертуге келген мобильдік топқа қарсы шыққан. Олар мобильдік топ өкілін аула қақпасынан күштеп шығарып, сыртқа лақтырып жіберген.

Сондай-ақ ашуға мінген той иелері екі полиция қызметкерін де есіктен итеріп шығарды. Мобильдік топ өкілі мен тәртіп сақшылары сөздерін өткізе алмаған соң сол жерге полиция құрамын шақырып барып , тойды тоқтатқан еді.

Карантин талаптарын бұзу бойынша хаттама толтырған кезде 50 жастағы үй иесі мен 54 жастағы ағасының мобильдік топ өкілдеріне қарсы шыққаны анықталған. Қарағанды қалалық әкімшілік соттың шешімімен карантин талаптарын бұзып, мобильдік топ мүшелеріне қарсылық танытқан екі азамат үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.