Министр кімдердің жалақысы 300 мың теңгеге дейін өсетінін айтты

0
757

Коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру үшін "Табиғи монополиялар туралы" заңның 22-бабына өзгерістер енгізілген.


Министр кімдердің жалақысы 300 мың теңгеге дейін өсетінін айтты

ERNUR.KZ. Коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру үшін "Табиғи монополиялар туралы" заңның 22-бабына өзгерістер енгізілген.
Соның бірі – коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни сантехник, электрик, дәнекеушілердің жалақысын 50%-тен 100%-ке дейін көтеру.
"Осылайша, орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 200 мыңға жуық жұмысшыға әсер етеді", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Екіншісі – иесіз желілерді кезең-кезеңімен беру.
Осылайша, 25 мың шақырымнан астам коммуналдық желі сенімгерлік басқаруға және коммуналдық меншікке беріледі.
Министр қабылданған түзетулер коммуналдық кәсіпорындардың иесіз желілерді ұстауға және пайдалануға жұмсаған шығындарын өтеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.