Министр "Келешек" бағдарламасы қыркүйек айында басталатынын айтты

0
335

Бұл бағдарламаның шарты бойынша бала 5 жасқа келгенде мемлекеттен бір реттік бастапқы капитал – 60 АЕК (қазіргі 207 000 теңге) түседі.


Министр

ERNUR.KZ. Ата-аналарға балалардың оқуына ақша жинауына мүмкіндік беретін "Келешек" бағдарламасы биыл қыркүйек айында іске қосылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Келешек" бағдарламасы биылдан басталады. Қазіргі таңда тиісті заң мәжілісте талқыланып жатыр. Осы сессияның соңына дейін тездетіп бітіруді жоспарлап отырмыз. Осы сессияның соңына дейін аяқтасақ, биыл қыркүйек айынан бастап толыққанды жүзеге асады", – деді Нұрбек мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, әзірге бағдарламаға қандай екінші деңгейлі банктер қатысатыны белгісіз. Банктер қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және ұлттық банктің ұсынымдарымен іріктеледі. Екінші деңгейлі банктер мемлекеттік бағдарламаға қатысу талаптарына сай болуы керек.
Айта кетері, Қазақстанда "Келешек" ынтымақты жинақтау бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Бағдарлама бойынша баланың есепшотына ата-ана ғана емес, мемлекет те ақша салып отырады.
Бағдарлама шарттары:
  • бала 5 жасқа келгенде мемлекеттен бір реттік бастапқы капитал – 60 АЕК (қазіргі 207 000 теңге) түседі;
  • ата-ананның міндетті салымдары – ай сайын 1-3 АЕК (3 450 – 10 350 теңге);
  • мемлекеттің 7 проценттік сыйақысы.