Мешіт қызметкерлері жарысатын болды

0
1 104

Алматыда мешіт қызметкерлері арасында спартакиада өтеді


Мешіт қызметкерлері жарысатын болды

ERNUR.KZ. 29 қыркүйекте «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы қаласының мешіт қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылады, деп жазады Вaq.kz.

Жарыс Нархоз университеті стадионында шағын-футбол, армрестлинг, үстел теннисі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахмат спорт түрлерінен өткізіледі. Спартакиада сағат 10:00-де басталады.

Оған тек мешіт қызметкерлерінен жасақаталған командалар қатыса алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, кубок және сыйлықтармен марапатталады.

Спартакиаданың басты мақсаты мешіт қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.