Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге мәлімдеме жасады

0
1 384

Электронды шот-фактуралар жүйесінде аутентификацияның әдісін қолдау мерзімі ұзартылды.


Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Бүгінгі күні электронды шот-фактуралар (ЭШФ) ақпараттық жүйесінде аутентификацияның екі әдісі қолданылатынын салық төлеушілердің назарына жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өзгертілген (жаңа) аутентификация әдісі өнімді ЭШФ ақпараттық жүйесінің серверлерінде қол жетімді.

Қазіргі аутентификация әдісін қолдау мерзімі 2023 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартылды.

«ҚР ҰКО ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшуіне және RSA алгоритмінде аутентификация кілтінен бас тартуына байланысты 2023 жылғы 25 қарашаға дейінгі мерзімде ЭШФ ақпараттық жүйесіне қол жеткізу мақсатында осы өзгерістерді өзінің есепке алу жүйелерінде алдын ала ескеру қажет екенін естеріңізге саламыз», - деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.