Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

0
396


Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды Президент.