Маңғыстауда энергетиктер ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталып жатыр

0
614

Келтірілген зиянның жалпы көлемі - 500 млн теңге.


Маңғыстауда энергетиктер ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталып жатыр

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторнг комитеті (ҚМК) Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті облыстағы бірқатар энергетикалық кәсіпорындардың басшылары мен лауазымды адамдарынан құралған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тергеді, деп жазады zakon.kz.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өткен жылдың наурызынан қазан айына дейінгі аралықта энергетика саласында арнайы білімі бар адамдарды қолдана отырып, Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзендегі қосалқы станциялардағы кернеу мен ток өлшеу тізбектерін тұйықтап отырғаны анықталды.

"Маңғыстауэнерго" МКК директоры бұған қолдау танытқан деп хабарланады.

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС, "Маңғыстауэнерго" МКК, "Өзенэнергосервис" МКК қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің жеті бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу, бопсалау, рейдерлік, салық төлеуден жалтару аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру және қызмет бабын асыра пайдалану). Барлығы тоғыз адам айыпталуда, - деп хабарланды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері келтірген залалдың жалпы сомасы 500 миллионнан астам теңгені құрады. Зиянды өтеу үшін күдіктілердің мүлкі мен олардың 110 миллион теңгеден астам мөлшерде ақшасы бар банктік шоттарын бұғаттау шаралары қолданылды.