Маңғыстау облысында балабақша тәрбиешісі 2 жасар баланы ұрған

0
196

Тәрбиешіге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 172 50 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.


Маңғыстау облысында балабақша тәрбиешісі 2 жасар баланы ұрған

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі жасқа толмаған баланы ұрып-соққаны үшін балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды, деп жазады ulysmedia.kz.

Сотталушы М., яғни балабақша тәрбиешісі балабақшаның балаларға арналған жатын бөлмесінде бола тұра, екі жасқа толмаған А-ны ұрып-соғып, дене жарақатын келтірген. Сот отырысында М. жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, жасаған әрекетіне өкінетінін, бұл іс-әрекетінің өзіне өмірлік сабақ болғанын, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен. Сотталушының кінәсі оқиға орнынан алынған бейнежазбаның көшірмесімен, куәлардан жауап алу хаттамасымен дәлелденді, – делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот үкіміне сәйкес, тәрбиешіге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 172 50 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан бір жылға айырылады.