Қызылша ауруын жұқтырған балалар саны өсті

0
332

Ауру жұқтырған 10 мың жағдай тіркелді, оның 80%-дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.


Қызылша ауруын жұқтырған балалар саны өсті

ERNUR.KZ. Қазақстанда дәрігерлер қызылша ауруын жұқтырудың 10 мың жағдайын тіркеді, оның 80%-дан астамы 14 жасқа дейінгі балаларда анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Өткен аптада өсім шамамен 30%-ды құрады. Науқастардың басым бөлігі Алматы мен Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкентте тіркелген.
Сарапшылар науқастардың үштен екісі екпе алмаған балалар екенін хабарлады.
"Аурудың көбеюін біз балалардың жоспарлы екпеден қалып қоюымен, сонымен қатар оқу жылының басталып, адамдардың шоғырлану орындары қалыптасуымен байланыстырамыз", - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Төтенше жағдайлар бойынша жедел орталығының директоры Жәнібек Ербаев.
Қызылша өте жұқпалы ауру болғандықтан, ауру жұқтыру көрсеткіші артып жатыр.
Дәрігерлер асқынуларға соқырлық, энцефалит, ауыр диарея, соған байланысты ағзаның сусыздануы, құлақ инфекциялары және тыныс алудың ауыр проблемалары, соның ішінде пневмония болуы мүмкін деп ескертеді.