Қызылордада жаппай төбелес болды

0
1 488

Жастар екі топқа бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, соңы төбелеске ұласқан.


Қызылордада жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Қызылордада жастар жаппай төбелеске шықты, деп жазады sputnik.kz.

20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындары хабарласып, жас жігіттердің төбелесіп жатқанын айтқан.
Анықталғандай, жастар екі топқа бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, соңы төбелеске ұласқан.
"Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
ҚК 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тергеу басталды.