Қызылордада қарақшылар құрылысшыларды тонап кетті

0
381

Полиция департаментінің мәліметінше олар құрылысшылардың ұялы телефондарын, құралдарын, ақшасын алып кеткен.


Қызылордада қарақшылар құрылысшыларды тонап кетті

ERNUR.KZ. Қарақшыларға жем болған жәбірленушілердің өздері полицейлерге қоңырау шалған, деп жазады exk.kz.

Белгілі болғандай, бірнеше азамат құрылыс аумағына кіріп, онда жұмыс істеп жатқандарға қоқан-лоқы көрсеткен. Сондай-ақ қаруға ұқсас затпен қорқытқан.

Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі тұрғынды дер кезінде ұстапты. Қазір олар қамауға алынды. Тағы бір күдікті іздестестіріліп жатыр.

"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Қарақшылық, яғни тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.