Қызылордада 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр

0
267

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.


Қызылордада 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр, деп жазады inform.kz.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Одан кейін үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбековке іздеу салады.

Бойы – 1,80 см, шашы қара түсті, орта денелі. Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар. Үстіне ақ куртка, ақшыл-көк түсті джинсы шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20, 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 190 дерегі анықталды.