Қызылорда облысында фабрика өртеніп, 4 мың бөдене қырылып қалды

0
228

Оқиға 28 ақпанда таңғы уақытта болған.


Қызылорда облысында фабрика өртеніп, 4 мың бөдене қырылып қалды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында құс фабрикасынан өрт шығып, 4 мыңға жуық бөдене қырылып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облысық полиция департаментінен хабарлағандай, оқиға 28 ақпанда таңғы сағат 04.30 шамасынла болған.

«Сырдария ауданы Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны 288 шаршы метр аумақта өртке оранды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ, алайда 4 мың бөдене өртеніп кеткені айтылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт сағат 05.41-де оқшауланып, 06.12-де жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.