Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы полиция бастығы сотта есінен танып қалды

0
311


Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы полиция бастығы сотта есінен танып қалды

Фото: inbusiness.kz.

ERNUR.KZ. Талдықорғанда Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Алайда, сот отырысы барысында оның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілген.

"Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды", – деп хабарлады облыстық соттан.