Қыз баланы зорлап, 7-қабаттан лақтырып жіберген: Ақтөбеде қылмыскер 18 жылға сотталды

0
735

Оқиға былтыр 8 маусымда болған.


Қыз баланы зорлап, 7-қабаттан лақтырып жіберген: Ақтөбеде қылмыскер 18 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде сот қыз баланы зорлап, артынша 7-қабаттан лақтырып жіберген адамның кінәсін дәлелдеп, оған қатысты үкім шығарды. Айуандық қылмыс өткен жылы жасалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Басылымның мәліметінше, 2023 жылдың 8 маусымында 19 жастағы Әйгерім өзінің танысымен бірге Түргенов көшесіндегі 12 қабатты үйдің пәтерінде болған. Белгілі болғандай, ол қыз баланы зорлап, жетінші қабаттан лақтырып жіберген.

Аман қалуға тырысқан Әйгерім екі қолымен балконның ағаш жақтауынан ұсталынып тұрғанмен, қылмыскер қолдарын ұрған. Соққылардың салдарынан қыз биіктен құлап кеткен. Алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Сот зорлау және кісі өлтіру бойынша қылмыскерді 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Алғашында полицейлер зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда тергеу барысында Әйгерім аман қалуы үшін соңына дейін тырысқаны белгілі болды.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, Әйгерім ГМЗ ауданында тұрған, №15 мектепті бітіріп, жоғары оқу орнында оқыған.