​Қостанайда ломбардтан жарты миллион теңгенің зергерлік бұйымдары тәркіленді

0
1 734

Қостанай қалалық сотының шешімі бойынша наразылықтар толығымен қанағаттандырылды.


​Қостанайда ломбардтан жарты миллион теңгенің зергерлік бұйымдары тәркіленді

ERNUR.KZ. Қостанай қалалық соты қылмыстық жауапкершілікке тартылған ломбардтың материалдық залалын өтеу туралы арыз келіп түсті, деп жазады облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған alau.kz.

2018 жылдың күзінде жауапкер Н. Қостанай қаласындағы ЖШС-нің бір филиалына 509 700 теңге көлемінде зергерлік бұйымдарды кепілге өткізген. Бөгденің мүлкіне қол салу қылмысы бойынша тексеру жұмыстарының нәтижесінде ломбардтағы зергерлік бұйымдар тәркіленді.

«Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында зергерлік бұйымдарды ұрлау фактісі анықталды. Арызданушының өкілі талапкер Н.-ның келтірген материалдық шығынын өндіру мақсатында 582 630 теңге төлемақы өндіруді талап етті», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қостанай қалалық сотының шешімі бойынша наразылықтар толығымен қанағаттандырылды, материалдық залал сомасы ЖШС пайдасына өндірілді.