Қостанайда құбырларды ауыстыру кезінде тағы бір адамның қаңқасы табылды

0
876

Бір күн бұрын бұл жерден екі қаңқалы мәйіт табылған.


Қостанайда құбырларды ауыстыру кезінде тағы бір адамның қаңқасы табылды

ERNUR.KZ. 5 шілдеде Қостанайда құбырларды ауыстыру кезінде тағы бір адамның қаңқасы табылды, деп жазады zakon.kz.

5 шілдеде Қостанай қалалық ІІД хабарлағандай, Мәуленова мен Дощанова көшелерінің қиылысында құбырларды ауыстыру кезінде тағы бір адамның қаңқасы табылды.

"Кеше сол жерден тағы екі белгісіз адамның мәйіті табылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру шараларын жалғастыруда. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген полиция хабарламасында.

4 шілдеде коммуналдық қызмет Қостанай полицейлеріне жүгініп, құбырларды ауыстыру кезінде екі адамның қаңқасы табылды. Қазір полицейлер зардап шеккендердің кім екенін анықтауда.