Қостанай облысында екі жүзге жуық үй қалпына келтіруге жарамсыз

0
787

Қостанай облысында тасқынның қарқыны бәсеңдеп, шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр.


Қостанай облысында екі жүзге жуық үй қалпына келтіруге жарамсыз

ERNUR.KZ Күні бүгінге дейін су кірген 353 үй тексеріліп, оның 150-ден астамы жөндеуге келетіні анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.




Ал 200-ге тарта баспана мүлде қалпына келтіруге жарамайды. Бүлінген үйді жөндеуге қаржы бөлінеді.

Жарамсыз күйге түскендерінің орнына жаңасы салынады. Тасқынның салдарынан өлген мыңға тарта түліктің өлексесі табылды.


Оның 200-ден астамының иесі анықталып, төлем беріле бастады. Бұл жұмыс әлі де жалғасады.

"Енді әлеуметтік төлемге келсек, бүгінгі таңда 1345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді. Өтініштерді қабылдау жалғасуда."- Жұматай Кәкімжанов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы