Көлсай көлдері аумағына электромобильдердің ғана кіруіне рұқсат берілуі мүмкін

0
699

Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына тек элекромобильдерді ғана кіргізу мәселесі пысықталып жатыр.


Көлсай көлдері аумағына электромобильдердің ғана кіруіне рұқсат берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.

«Электромобильдердің саябақ (Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) аумағына ерекше кіру мәселесін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп пысықтауда. Ұлттық парктегі ауаның пайдаланылған газдармен ластануына келетін болсақ, қазіргі уақытта Көлсай көлінен 2 шақырым жерде, жергілікті атқарушы органның аумағында автотұрақты орналастыру мәселесі пысықталуда», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның атап өтуінше, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңның 23-бабына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді. Осыған байланысты 2007 жылдан бастап ұлттық парктің жері жеке меншікке берілмеген.

«Қазіргі уақытта ұлттық паркте 2 ұзақ мерзімді және 8 қысқа мерзімді пайдаланушы бар. Парк жерінің барлық пайдаланушысы өз қызметін азаматтық заңнамаға сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пайдалану шарттары негізінде жүргізеді. Құрылыс эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттамамен бірлесіп жүргізіледі. Бүгінгі таңда құрылыста бұзушылықтар анықталған жоқ», - деді Тамара Дүйсенова.