Көкшетауда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

0
472

Бала аман, жағдайы тұрақты.


Көкшетауда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Көкшетауда төрт жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың 20 мамырында сағат 19:44-те Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне МПС көшесі 28 мекен-жайында екінші қабаттың терезесінен баланың құлап кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері төрт жастағы баланың 10 жастағы ағасымен бірге үйде болғанын анықтады. Бұл уақытта ата-анасы емханаға кеткен. Үлкен ағасы жууыну бөлмесінде болған кезде, бала өздігінен терезенің алдына көтеріліп, абайсызда терезеден құлап кетті. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған , сынықтар мен көгерулер жоқ.