​ ҚМДБ: Хиджаб таққан оқушы қыздар медреседе оқи алады

0
499

Қыздарға мектепке орамалмен баруға болмайды.


​ ҚМДБ: Хиджаб таққан оқушы қыздар медреседе оқи алады

ERNUR.KZ. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 11 қазан күні Бейбітшілік және келісім сарайының алаңында хиджаб кигісі келетін оқушы қыздар не істеуіне болатынын айтты, деп жазады zakon.kz.

Журналистер қоғамда қазір оқу орындарында хиджаб киюге рұқсат ету мәселесі қызу талқыланып жатқанын атап өтті. Қыздарға мектепке орамалмен баруға болмайды. БАҚ өкілдері "Мұндай оқушы қыздар мен олардың ата-анасы не істеуі керек? деп сұрады.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған байланысты түсіндірме берді. Қазір қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмірді сақтау маңызды. Мектеп мұғалімдерімен талқылап, өзімізше шешім тапқан дұрысырақ. ҚМДБ қыздар орамалды тек кәмелет жастан асқан соң тағады дейді", - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Оның айтуынша, орамал таққысы келетін қыздар медреседе оқи алады.
"Жалпы ҚМДБ-ның қарамағында тоғыз медресе бар. Олардың кейбірі қыздарды 9-сыныптан бастап қабылдайды. Егер қыздар орамал тағып, бірақ қатар білім алғысы келсе, онда оқуын жалғастыра алады. Мұндай мүмкіндік бар. Мұнда діни және зайырлы пәндер Оқу-ағарту министрлігінің колледждерге арналған стандарты бойынша оқытылады", - деп түсіндірді Бас мүфти.

10 қазан күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда бүгінде оқушы қыздардың хиджаб киюіне қатысты мәселе жоқ екенін айтты. Оның мәліметінше, қыркүйек айының басында Атырау облысында 150-ден астам қыз хиджаб кигендіктен мектепке бармаған.