Хоккейден ӘЧ: Қазақстандық жанкүйерлер 800 шаршы метрлік туды жайды

0
623

Сенбіде Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында бірінші матч өткізіп, Норвегияны жеңді.


Хоккейден ӘЧ: Қазақстандық жанкүйерлер 800 шаршы метрлік туды жайды

ERNUR.KZ. Қазақстандық жанкүйерлер ел құрамасына қолдау көрсету мақсатында Ригада өтіп жатқан хоккейден ӘЧ-2023-те үлкен туды жайды, деп жазады inform.kz.

Жексенбі, 14 мамырда Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Чехия командасымен ойнайды. Матчты тікелей эфирден «Qazsport» арнасы Астана уақытымен 23:20-да көрсетеді.

Жанкүйерлер команданы қолдауға келіп, өздерімен бірге 800 шаршы метрлік Қазақстан туын әкелген.

«Қазақстан – әлемдегі ең үлкен елдердің бірі. Мәдениеті де бай. Біз мультимәдениетті елміз және оны бүкіл әлемге көрсеткіміз келеді. Өзіміздегі Қазақстанның ең үлкен туын жайып, ұлттық құрама мен оның жанкүйерлерін қолдамақшымыз», -
деді ұйымдастырушы Думан Қожахмет.

Сенбіде Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында бірінші матч өткізіп, Норвегияны жеңді.