Кейбір инвестор тапқан табысын тек қалтаға басқанды жөн көреді – Қ.Тоқаев

0
151

«Мұндай жағдайға бәріміз куә болдық».


Кейбір инвестор тапқан табысын тек қалтаға басқанды жөн көреді – Қ.Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістің техникалық жағдайына да қатаң бақылау жасап отыру қажет екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Бұдан бөлек, өндірістің техникалық жағдайына да қатаң бақылау жасап отыру қажет. Кейбір инвестор тапқан табысын тек қалтаға басқанды жөн көреді. Еңбек қауіпсіздігі, экология, өндірісті жаңғырту сияқты маңызды мәселелерге мүлде назар аударылмайды. Мұндай жағдайға бәріміз куә болдық.

Сондықтан, менің тапсырмаммен Қарағанды комбинаты ұлттық инвесторға берілді. Оған берілуінің басты себебі – инвестордың кәсіпорынды кешенді түрде жаңғыртамын деген ниетінің болуы. Өндірістің жұмысын тоқтатпау және апатты жағдайға жол бермеу үшін кен орнын дереу қалпына келтіру, өндірістік қауіпсіздікті күшейту, материалдық-техникалық базаны жаңарту керек. Сондай-ақ, жаңа өндірістер ашып, қосылған құны жоғары тауарлар шығару үшін ауқымды инвестиция тартқан жөн», - деді президент.


Сондай-ақ, жоғары технологиямен сапалы құрыш құю тәсілін меңгеру керек екенін жеткізді.


«Мұндай өнімдер көлік жасау өнеркәсібіне және басқа да салаларға қажет. Алдағы бес жылда кәсіпорын өндіріс қарқынын барынша арттырып, ТМД-да көш бастап тұрған металлургия комбинаттарының қатарына қайта қосылуы керек», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.