Қазақстанның бұрынғы әділет министрі ұсталды

0
326

Ведомствоның мәліметінше, активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.


Қазақстанның бұрынғы әділет министрі ұсталды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанның бұрынғы әділет министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп жазады sputnik.kz.

"Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді”, - делінген антикор хабьарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.