Қазақстанға Starlink жүйесінің алғашқы партиясы жеткізілді

0
590

Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink жүйесін орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады.


Қазақстанға Starlink жүйесінің алғашқы партиясы жеткізілді

ERNUR.KZ. "Starlink" жабдығының 500 данасы Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, иннвоациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

«Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink жүйесін орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері дайындық жұмыстарын жақсы жүргізді. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін жеткізіле бастайды. Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді»,-деп жазды министр.

Сондай-ақ ол аталмыш жаңалықтың Мемлекет басшысының шешімінің арқасында жүзеге асып жатқанын мәлім етті.