Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді бөлшектеп кіргізуге тыйым салынады

0
417

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді бөлшектеп кіргізуге тыйым салынады

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерді кіргізуге шектеу енгізіледі, деп жазады inform.kz.

- «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автокөліктерді бөлшектелген түрде кіргізуге алты айға тыйым саламын, - делінген құжатта.

Көліктің кейбір түрлері ғана бұл тізімге енбеген:

  • мотоцикл (седла) үлгісіндегі орындықпен, екі алдыңғы доңғалақты қолмен басқару тетіктерімен, жолсыз жерлерге арналған шиналармен, артқы жүрісті қамтамасыз ететін қорабымен, автоматты немесе қолмен басқарылатын трасмиссиямен жабдықталған екі немесе төрт жетекші дөңгелегі бар төрт доңғалақты жоғары қозғалмалы моторлы көлік құралдары;
  • Қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1 000 см³ артық, бірақ 1 500 см³ аспайтын;
  • Қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1 500 см³ артық, бірақ 3 000 см³ аспайтын;
  • Қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 3 000 см³ астам;
  • Қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1 500 см³ аспайтын;
  • Қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1 500 см³ артық, бірақ 2 500 см³ аспайтын;
  • Қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 2 500 см³ астам;
  • сыртқы электр көзіне қосылу арқылы зарядталатындардан басқа, ұшқынмен тұтанатын поршеньді ішкі жану қозғалтқышымен де, электр қозғалтқышымен де қозғалысқа келтірілетін көлік құралдары.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.