Қазақстандықтарды отбасын құрмас бұрын арнайы курстарда оқытады - Заң жобасы

0
423

Жастарды тәлімгер және психологтар оқытады.


Қазақстандықтарды отбасын құрмас бұрын арнайы курстарда оқытады - Заң жобасы

ERNUR.KZ. Некеге тұрмас бұрын қазақстандықтарды бір ай көлемінде арнайы курстарда оқыту жоспарланып отыр, деп жазады stan.kz.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қамбаров Қайрат тілшілердің сұрағына жауап берді.

“Бұған дейін отбасын құрмас бұрын қазақстандықтарды емтихан тапсыруға міндеттейді деген ақпарат пайда болған еді. Осының барысы туралы айтып бересіз бе”, – деп сұрады журналистердің бірі.

Ол мәжілісте қаралып жатқан заңда осыған ұқсас бөлік бар екенін атап өтті.

“Қазір мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы қарастырылып жатыр және онда осындай бөлік бар. Яғни отбасын құрмас бұрын кемінде бір ай жастарды оқыту жоспарланып отыр. Әзірге қарастырылып жатыр”, – деді Қайрат Телманұлы.

Спикердің айтуынша, жастарды тәлімгер және психологтар оқытады.

“Олар отбасын құрғысы келетін азаматтармен жұмыс істейді. Әзірге қарастырылып жатыр, әлі бекітілген жоқ”, – деп сөзін түйіндеді спикер.