Қазақстандық студент Доминикан президентінен жеке шақыру алды

0
378

Омар Әлиев әлеуметтік желіге кездейсоқ туды тартып алатын және алынған елдің тілінде сөйлей бастайтын бейнеролигін жариялаған болатын.


Қазақстандық студент Доминикан президентінен жеке шақыру алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық полиглот Омар Әлиев бұрын-соңды болмаған танымалдылыққа ие болды. Алматы медицина колледжінің студенті әлемнің барлық тілдерінде сөйлейтіндігімен танымал. Оның даңқы Доминикан республикасының президенті Луис Абинадерге де жетті, деп жазады zakon.kz.

Омар Әлиев әлеуметтік желіге кездейсоқ туды тартып алатын және алынған елдің тілінде сөйлей бастайтын бейнеролигін жариялаған болатын. Бұл жолы оған Доминикан туы түсіп, ол бірден испан тілінде еркін сөйлеп, осы мемлекетке барып, ұлттық тағамдардың бірін көргісі келетіні туралы айтты.


Ең қызығы Әлиев видеоны жарияланғаннан кейін Доминикан басшысы оны көріп, тіпті Омардың оқырмандары қатарына да қосылған.

Сондай-ақ, Луис Абинадер бейнежазбаға пікір де қалдырып кеткен.

Сәлем, Омар! Сізді еліміздің қонақжайлығымен, асханасымен танысуға тамаша жағажайларында демалуға шақырамын. Бірақ, осында қалғыңыз келетініне сенімдімін.Луис Абинадер - Доминикан Президенті
Қазақстандық студент Доминикан президентінен жеке шақырту алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2024 11:18


Бүгінде Әлиевтің Instagram парақшасында 3,5 миллионнан астам оқырманы бар. Ал Тікток желісінде бұл көрсеткіш 33 миллионға жетеді.