Қазақстандық сотталушыларға жәрдемақы төленетін болады

0
551

Жәрдемақы мөлшері 1,61 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайды (2023 жылы 65 мың 313 теңге.).


Қазақстандық сотталушыларға жәрдемақы төленетін болады

ERNUR.KZ. Бүгін Сенатта қабылданған Әлеуметтік кодексте қазақстандық сотталушылар үшін 2023 жылы 1,61 күнкөріс деңгейі немесе 65 313 теңге көлемінде ай сайынғы жәрдемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылды, деп жазады tengrinews.kz.

Сенатор Ләззат Қалтаеваның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасаған сотталушылар мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш бере алады.

"Жәрдемақы мөлшері 1,61 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайды (2023 жылы 65 мың 313 теңге.). Бүгінгі күні 54 бірінші топтағы мүгедек сотталушы түрмеде отыр", - деді сенатор.

Қозғалу мүмкіндігі шектеулі бірінші топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін жеке көмекшілер міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі.

"Бұл норма бірінші топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекшіні міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді", - деп қосты Қалтаева.