Қазақстандық әуекомпания тарифтерін 10%-ға төмендетеді

0
654

Өзгеріс ішкі бағыттар бойынша эконом санатындағы рейстерге қатысты енгізілмек.


Қазақстандық әуекомпания тарифтерін 10%-ға төмендетеді

ERNUR.KZ. Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы 2021 жылдың 1 қазанынан бастап ішкі бағыттар бойынша эконом санатындағы шекті тарифтерді 10%-ға төмендетеді, деп жазады inbusiness.kz.

«1 қазаннан бастап ел ішіндегі маршруттар бойынша эконом-класс тарифтерінің шекті тарифтері 10%-ға төмендейді, ал бір жылдың ішінде кемінде 70% билеттер макроэкономикалық көрсеткіштер мен монополия тарифтерін ескере отырып, төмен және орташа тарифтер бойынша қолжетімді болады», – деп жазылған ақпаратта.

Компания өзінің негізгі серіктестері, оның ішінде Алматы халықаралық әуежайы бағаны тұрақты түрде ұстап тұрады деп күтетінін хабарлады. Сонымен қатар мекеме ішкі бағыттар бойынша жүксіз тарифтерді енгізуді жоспарлап отыр.

Айта кететіні Air Astana – қазақстандық «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры мен британдық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорны (сәйкесінше 51% және 49% акциялар).