Қазақстанды пандемия кесірінен аштық жайлайды — сарапшы

0
1 593

Бұған дейін де мамандар осындай тұжырым жасаған еді.


Қазақстанды пандемия кесірінен аштық жайлайды — сарапшы

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының басшысы Дэвид Бизли коронавирус пандемиясы кесірінен аштық деңгейі күрт өседі деген пікірде, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, әсіресе Латын Америкасы, Шығыс және Орталық Азия, Оңтүстік Африка елдерінде азық-түлікке мұқтаждардың қатары шамадан тыс көбеюі мүмкін.

Нақтырақ айтқанда, Орталық Азия құрамына кіретін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдері індеттен қатты зардап шекпек.

Еске сала кетсек, бұған дейін ДДСҰ коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу 2021 жылы басталады деп мәлімдеген болатын.