Қазақстанда Түркияның жетекші университеттерінің филиалы ашылады

0
891

Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиямен білім беру және ғылым саласында байланыстарды нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды.


Қазақстанда Түркияның жетекші университеттерінің филиалы ашылады

ERNUR.KZ. Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия Жоғары білім кеңесінің төрағасы Ерол Өзвармен кездесті, деп жазады baq.kz.

Кездесу барысында жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Елші Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиямен білім беру және ғылым саласында байланыстарды нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Е. Өзвар түрік тарапының екі ел арасында осы саладағы ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеп, ғалымдардың жүйелі түрде өзара іс-қимылы, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, студенттердің академиялық алмасу бағдарламалары сияқты бағыттарды дамыту маңыздылығын атап өтті.

Кездесу нәтижесінде Түркияның жетекші университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашу бойынша нақты қадамдар жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.