Қазақстанда тұмауға қарсы екпе тапшылығы болуы мүмкін

0
2 390

Тағы 12 миллионнан астам екпе алу жоспарланып отыр.


Қазақстанда тұмауға қарсы екпе тапшылығы болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Елде тұмауға қарсы вакцина тапшылығы туындауы мүмкін. Оның алдын алу үшін тағы 12 миллионнан астам екпе алу жоспарланып отыр. Мұндай ақпаратты Үкіметте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келтірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мәселен, Түркістан облысы ковидке қарсы 10 мыңнан астам вакцинаны небәрі 2 ай ішінде жеткізіп үлгерген. Тек жеткізіп ғана қоймай, екпені егіп те тастапты. Келесі партиясын күтіп отырғандарын айтады. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жыл басталғалы аймақта тұмау дерегі тіркелмеген.

Жамбылдағы ахуал да дәл осындай. Аймақта 6 мыңнан астам адамға екпе жасалған. Алайда, мамандар алдағы уақытта қанша вакцина жеткізілетінін нақты айтқан жоқ. Бәрі Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына байланысты жүзеге асырылатынын жеткізді.