Қазақстанда тағы 4 ЖОО мен 29 колледж жабылу сатысында тұр

0
539

Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылған.


Қазақстанда тағы 4 ЖОО мен 29 колледж жабылу сатысында тұр

ERNUR.KZ. Бұл туралы үкімет отырысында білім және ғылым министір Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Қазіргі кезде толығымен 15 жоғары оқу орны және 31 колледж жабылды. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында. 61 жоғары оқу орнының 500 бағыттары бойынша лицензиялары және 375 колледждің 2200 бағыттының лицензиялары қайтарып алынды. Тағы 15 жоғары оқу орны мен 47 колледждің бейініне сәйкес келмейтін лицензиялары қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді ол.

Мысалы Педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайса, заңгерлер – 72-ден 61-ге дейін кеміген.