Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 122 адам көз жұмды

0
291

Республика бойынша індетке шалдыққан 30 мыңнан аса пациент стационарларда емделіп жатыр.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 122 адам көз жұмды

Елімізде өткен тәулікте коронавирус пен "ковидтік" пневмониядан 122 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коронавирустан 105 науқас, ал вирустық пневмониядан 17 пациент қайтыс болды.

Пациент өлімі елордада көп, қалада 20 адам қайтыс болған, Алматыда – 19, Шымкентте – 18 науқас көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда жатыр, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.